Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі АҚШ-та өтетін болды

16 Мамыр 2021, 07:25
1452
Бөлісу:
Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі АҚШ-та өтетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі АҚШ-та өтетін болды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлем кубогі кезеңінің финалы 29-30 қыркүйек күндері АҚШ-тың Янктон аймағында ұйымдастырылады. Аталған жарыс биылғы маусымның соңғы додасы болмақ.  

Айта кетерлігі, дәл осы Янктонда 19-26 қыркүйекте садақ атудан әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар екі жарыстың бір жерде өткізілуін қатысушылардың, атап айтқанда, спортшылардың қауіпсіздігі үшін деп түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы