Сәбиттің досы Сағи да марапатталды

13 Мамыр 2022, 11:36
1413
Бөлісу:
Сәбиттің досы Сағи да марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге қызды сегізінші қабаттың терезесінен құлаудан құтқаруға қатысқан батыр Сағи Жылқышиев марапатталды.

Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды.

Сәбиттің досы Сағи да марапатталды

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде,  8-қабаттың терезесінде ілініп тұрған баланы көріп, оны құтқарып қалған еді.

Олар  7-қабатқа көтеріліп, Сәбит терезеден шығып, баланың аяғынан тартып түсіріп алды.  

Сәбиттің досы Сағи да марапатталды

Біз айқайды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік, - деп атап өтті Сағи Жылқышиев. 

Сәбиттің досы Сағи да марапатталды

Екі дос сәбидің өмірін сақтап қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы