Бас жаңалықтар
Сағынтаев Қырғызстан елшісімен кездесті
28 Қаңтар 2019, 15:47 609

Сағынтаев Қырғызстан елшісімен кездесті

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Қырғызстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ақылды қалаларды дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, металлургия, азық-түлік саласы, машина жасау, құрылыс материалдары және химия өнімдері секілді салаларда Қырғызстанға экспорт номенклатурасын кеңейту келешегі қаралды. Бұдан өзге, өңіраралық және шекара маңы өзара іс-қимылына қатысты мәселелер қаралды.

Сізден жаңалық