Сағынтаев Көк жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

3 Маусым 2020, 18:18
1070
Бөлісу:
Сағынтаев Көк жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің парақшасында жазды.

Сағынтаев Көк жайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-министріне хат жолдады.
Экологтармен жиі кездесемін. Көк жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым, - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.
Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көк Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.
Өзгелердің жаңалығы