Сағынтаев азаматтарды онлайн режимде қабылдады

28 Мамыр 2020, 19:13
935
Бөлісу:
Сағынтаев азаматтарды онлайн режимде қабылдады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін азаматтарды онлайн түрде қабылдадым. Қала тұрғындары үшін қолайлы болды. Білім беру, денсаулық сақтау және сандық технологиялар бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар айтылды, деп жазды қала әкімі instagram-ғы парақшасына.

Қала әкімі білім сапасын арттыру бойынша методологияны енгізу жөніндегі ұсыныстар зерделенетінін жазды.
Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҒЗИ химиялық және биологиялық технологиялар институтының директоры З. Түйебахованың білім сапасын арттыру бойынша методологияны енгізу жөніндегі ұсынысын зерделейміз. Сондай-ақ, диабеттік ағарту қорының басшысы Н. Тукалевскаяның балалар мен ересектерге арналған диабет мектебінің қызметін жаңарту туралы ұсынысының маңызы зор, - деп жазды Сағынтаев.
Сонымен қатар, ол инсультті ерте диагностикалау бойынша қосымша әзірлеген Алматы жасанды интеллект зертханасының директоры Д. Жүсіповтың пилоттық жобасын іске асыруды ерекше назарға алу керектігін айтты. 
Бұл ишемиялық инсульт салдарының салдарынан невралгиялық тапшылықтан туындайтын мүгедектіктің дәрежесі мен санын төмендетуге мүмкіндік береді. "Ассистент.кз" компаниясының директоры Р. Тубекбаев қаладағы әлеуметтік сала ұйымдарында онлайн-бухгалтерияны енгізу дайын. IT-қауымдастық өкілдерін әлеуметтік саладағы, ШОБ, көлік және ТКШ-дегі үдерістерді оңтайландыруға септігін тигізетін цифрландыру бойынша өз жұмыстарын белсенді ұсынуға шақырамын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы