Сағынтаев алматылық өндірушілерді қолдауды тапсырды

17 Маусым 2020, 16:02
902
Бөлісу:
Сағынтаев алматылық өндірушілерді қолдауды тапсырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы жеңіл өнеркәсіп орындары мен полиэтилен құбырын шығаратын зауытта болды.

"Спира-Берга" зауытында газ және сумен қамту, су құбырының инженерлік желілері үшін полиэтилен құбырларын шығару дұрыс жолға қойылған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім шығарылады. 75 жұмыс орны құрылды.

Қала әкімі алты желі арқылы атқарылатын өндіріс үрдісімен танысты. Жұмыс процесстерінің басым бөлігі автоматтандырылған, оның ішінде цифрлық бақылау және барлық жұмыс тораптары мен агрегаттарының параметрлерін басқару да бар.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын жабдықтарын модернизациялауда, ал бұл жұмыс сапасын арттырып, құбырларды механикалық және ультракүлгін сәулелерден зақымданудан қорғауда. Зауыт Алматының су, газ, кәріз құбырларына, сонымен қатар кабельдерді суару және құрғату жүйелерін қорғайтын құбырларға деген сұранысын қамтамасыз ете  алады.

Б. Сағынтаев  құбырлар ассортиментін игеруді және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мердігер компаниялармен бірге кәсіпорындардың тапсырыс  беру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Алматы әкімі "Мануфактура 24" ЖШС әйелдердің дизайнерлік киімдер шығаратын  өндірістік цехында болды. Мұнда 24 адам жұмыс істейді. Әкім қалаға белгілі бір тауарларға және қызметтерге деген сұранысты қанғаттандыратын әрі сапалы жұмыс орындарын ашатын осындай ШОБ кәсіпорындарының қажет екенін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы