Бас жаңалықтар
Сағынтаев Алматы атауына қатысты пікірін айтты
16 Желтоқсан 2019, 10:04 3366

Сағынтаев Алматы атауына қатысты пікірін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақын Олжас Сүлейменовтің идеясы әлеуметтік желіде талқыға түсіп жатқанда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге қатысты фейсбуктегі парақшасында арнайы мәлімдеме жария етті.

Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз, - деген Б.Сағынтаев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...