Сәтбаев қаласында бала ұрлығына қатысты күдікті ұсталды

24 Шілде 2020, 08:53
3452
Бөлісу:
Сәтбаев қаласында бала ұрлығына қатысты күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында бала ұрлығына қатысты күдікті ұсталды.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

23 шілдеде 21:00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне жүгінді. Ол өзінің 5 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Баланы қазіргі уақытта ауруханада дәрігерлер қарауда. Күдікті қамауға алынды.

Алайда тұрғындар күдіктіні өз қолдарына тапсыруды талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды.

Қарағанды облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Өзгелердің жаңалығы