Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Сәрсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында күндіз – көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, түнде кей жерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болады. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.