Бас жаңалықтар
Сәпиев допинг дауына іліккен шаңғышыға қатысты пікір білдірді
28 Ақпан 2019, 16:36 391

Сәпиев допинг дауына іліккен шаңғышыға қатысты пікір білдірді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Алексей Полторанинге қатысты дау бойынша түсініктеме берді.


Австрияның Зеефельд қаласында шаңғымен жарысудан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Допинг дауына іліккен Ұлттық құраманың басшысы Алексей Полторанин 15 шақырымдық қашықтықты классикалық стилде жүгіріп өту керек болған. 

«Дәл қазіргі уақытта қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты Австрия үкіметі, FIS, ХОК немесе WADA тарапынан ресми айып тағылып отырған жоқ. Австрияда бапкерлер штабы, ҰОК, Шаңғы жарысы федерациясы мен ҚР шаңғы спорт түрлері қауымдастығының өкілдері жүр. Барлық күш қазақстандық шаңғышының не үшін ұсталғанын анықтауға жұмылыдырылды»,- деді Серік Сәпиев.

Алексей Полторанин шаңғы спорты бойынша әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі, Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогі кезеңімен мен түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері.

«Біз әрдайым таза спортты жақтаймыз, әзірге Алексейдің тыйым салынған әдістерді қолданғаны дәлелденген жоқ. Сондықтан спортшымызды қорғайтын боламыз»,- деді С. Сәпиев.
Загрузка...