СҚО тұрғындары полицейлерге құттықтау жолдады

23 Маусым 2020, 22:36
1621
Бөлісу:
СҚО тұрғындары полицейлерге құттықтау жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесінде құқық қорғау қызметкерлеріне жылы лебіздер білдірген бейне құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Бізді және отбасымызды қорғайтын погон таққан жандарға ерекше мақтанышпен қараймыз. Сіздерге зор алғыс білдіреміз, - деді көпбалалы ана Роза Аманбаева.
Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларын Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

корди.jpg

Құрметті еліміздің барша полицейлері! Спорт қоғамдастығы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, барлығымыз үшін қиын сәтте Сіздерге және отбастарыңызға амандық, береке-бірлік және бейбіт өмір тілеймін. Атқарып жатқан қызметтеріңізге зор алғыс білдіремін, – деді құттықтауында әйгілі шабандоз.
Құттықтауға солтүстікқазақстандық спортшы Алексей Луценко, еріктілер, журналистер, зейнеткерлер мен қоғам өкілдері қосылды.
Жағымды пікірлер, халықтың сенімі – бұл ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға. Бұл мамандық төзімділік пен шыдамдылықты, жауапкершілік пен батылдықты қажет етеді. Адамдардың жылы лебіздері алдағы уақытта жұмысты құлшыныспен орындауға, өзінің қызметтік және адами парызын абыроймен атқаруға серпін береді, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев.

Өзгелердің жаңалығы