Бас жаңалықтар
СҚО мектептерінде 12 адамнан коронавирус анықталды
25 Қыркүйек 2020, 16:11 160

СҚО мектептерінде 12 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету туралы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

СҚО мектептерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелді, олар сегіз оқу орнында, сондай-ақ, бір балабақшада анықталған. Мекемелерде барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр. Байланыста болған адамдар 14 күнге үй карантиніне алынды, - деді ол.

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға сырттан түрлі транспорт түрі арқылы келіп жатқан жолаушылар ағынын да бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

24 қыркүйекте елімізге әуе транспорты арқылы 2127 адам келді. Оның 2008-і - жолаушы, 119-ы - әуе экипажы. Барлығы да тепловизорлар тексерісінен өтті, ПТР анықтамасы бар 479 адам болды. Жолаушылардың ешбірінен вирус анықталған жоқ, - деді ресми өкіл.

Бұған дейін ол еңбек ұжымдарында тіркелген коронавирус инфекциясы жағдайларының артуы алаңдатып отырғанын мәлімдеген болатын.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...