СҚО әкiмi орман өрттерiн алдын алуды тапсырды

19 Тамыз 2019, 21:33
1487
Бөлісу:
СҚО әкiмi орман өрттерiн алдын алуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнде орман өрттерiн болдырмауға бағытталған iс-шаралардың жүзеге асуы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Жыл басынан берi облыста 20 орман өрт оқиғасы тiркелген. Мамандардың айтуынша өрттiң тарауына минералды жолақтардың сәйкес келмеуi немесе оның жоқтығы да әсер етедi. Бұл бағытта жұмыстардың уақтылы жүргiзiлмеуi алаңдаушылық туғызуда.

«Тиiстi жұмыстарды атқармаған басшылар туралы маған ақпарат берiңiз. Оларды жазалаймыз. Аудан әкiмдерiмен қажеттi iс-шараларды атқарыңыздар», — дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ТЖД басшысы Рамиль Камаловқа берген тапсырмасында.

Өзгелердің жаңалығы