Бас жаңалықтар
СҚО кәсiпкерлерi ЕЭК министрiмен өткен кездесуде экспорт мәселелерiн көтердi
21 Қыркүйек 2019, 07:37 403

СҚО кәсiпкерлерi ЕЭК министрiмен өткен кездесуде экспорт мәселелерiн көтердi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда Еуразиялық экономикалық комиссияның көшпелi отырысы өттi. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Оның жұмысына СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен ЕЭК коллегиясының мүшесi Серiк Жұманғарин қатысты.

«Бiздiң облыстың көлiктiк-логистикалық әлеуетi жоғары. Еуропаға шығатын жүктiң 70 пайызы СҚО арқылы өтедi. Сыртқы сауданың үштен екiсi экономикалық одақтың үлесiне тиесiлi. Экспорт 1,6 есеге өстi», - дедi Құмар Ақсақалов.

Жиында өңiр кәсiпкерлерi экспорт кезiндегi қиындықтар туралы айтты. Барлық мәселелер бойынша шешiм табуға болады.

«Барлық өңiрлердегi бизнесмендердiң сұрақтары ұқсас. Бiз қазiр кедергiлер тудыратын мәселелердiң тiзбегiн жинап жатырмыз. Жүйелi түрде шешiлетiн 10 мәселе дайындалуда. Оның барлығы министрлiк деңгейiнде шешемiз», - дедi Серiк Жұманғарин.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық