СҚО диқандары биыл егін оруға ерте кірісті

11 Тамыз 2020, 22:53
1254
Бөлісу:
СҚО диқандары биыл егін оруға ерте кірісті

Солтүстік Қазақстанда биыл егінге орақ ерте түсті. Бұған шілде айында аптап ыстық болып, дәнді дақылдардың ерте пісуі себеп. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Қазір ризығын жерден терген диқандардың алды сары алтынды қырманға құйып жатыр. Ал оңтүстік өңірдегілер егін орағын аяқтауға жақын. 

Елдің батысында мал азығы проблема болып тұр. Жылдағы науқанға ерте кіріскен астықты аймақтың диқандары дәннің түсімі жаман емес деп отыр. Орта есеппен гектарынан 15-16 центнерден айналып жатыр. Осы айдың 20-нан бастап шаруалар жаппай егін орағын бастайды. Ал күзгі науқанға өңірге Үкімет тарапынан арзандатылған сұйық отынның 75 мың тоннасы бөлінді. Оның бір литрі  172 теңгеден сатылып жатыр. Ал жыл басынан бері диқандар 33 миллиард теңгеге 1400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған.  





Өзгелердің жаңалығы