СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

13 Тамыз 2020, 00:30
2205
Бөлісу:
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өңірде екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Апат Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған. Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ, - деді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Оның айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалған. Жалпы, осы жылдың 7 айында өңір жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмған және 129 адам жарақат алған.

Өзгелердің жаңалығы