СҚО-да МРТ сатып алуға жарты миллиардтан астам теңге жұмсалды

14 Қараша 2019, 04:35
1684
Бөлісу:
СҚО-да МРТ сатып алуға жарты миллиардтан астам теңге жұмсалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласында оң көрсеткiштер тiркелуде. Бұл жайында әкiмдіктің отырысында белгiлi болды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 10 айында ана өлiмi тiркелген жоқ. Бала өлiмi 20% қысқарды, қан айналымы ауруларынан болатын өлiм көрсеткiшi 11% азайған.

3,8 млрд теңгеге медициналық қондырғылар жаңартылуда. Жыл соңына дейiн облыстық ауруханаға құны 549 млн теңге тұратын жаңа МРТ сатып алынады. Жаңа ангиограф та алынады. Бұның барлығы инсульт ауруын тексеру және емдеуге мүмкiндiк бермек.

Аудандық ауруханаларға 4 маммограф сатып алынады. Биыл онкоорталыққа цифрлық маммограф қойылды, ол обырды бастапқы кезеңде анықтайды. Жыл соңына дейiн 13 реанимобиль сатып алынады, - дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Кадр тапшылығы мәселесi де шешiлуде. Биыл облысқа 98 дәрiгер қабылданды. Былтыр 56 маман келген едi.

Өзгелердің жаңалығы