СҚО-да бетперде кигендер 170 млн теңге ұрлап кетті

20 Қараша 2019, 12:40
5428
Бөлісу:
СҚО-да бетперде кигендер 170 млн теңге ұрлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері Ақжар ауданы Талшық ауылында 170 млн теңгені ұрлап кеткен қарақшыларды іздестіріп жатыр.

Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 қараша күні кешкі сағат 19:15-те бетперде киген 4 ер адам "Талшық Астық LTD" ЖШС ғимаратына кіріп келіп, фирма жетекшісін қарумен қорқытып, 170 млн теңге мен екі ұялы телефонды қолды қылған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-тармағы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестіріне тіркелді.





Өзгелердің жаңалығы