СҚО аудандарында құс тұмауына байланысты карантин енгізіледі 

17 Қыркүйек 2020, 14:12
1982
Бөлісу:
СҚО аудандарында құс тұмауына байланысты карантин енгізіледі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында құс тұмауының өршуіне байланысты карантин шаралары енгізіледі. Тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы шектеледі, деп хабарлады BaigeNews.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық қадағалау және бақылау комитетіне қарасты аумақтағы аудандық инспекция басшысы Марат Ибраевтың мәліметінше аумаққа кірер жолда дезинфекциялық құрылғы қойылады.
 
Ведомствоның мәліметінше қауіпті аймаққа тек арнайы көліктер ғана кіргізіледі. Оның қатарында тіршілікті қамтамасыз етуге байланысты қызметтер, құқық қорғаушылар, медициналық және ветеринарлық қызмет өкілдері енеді.

Сондай-ақ қауіпті аймақтан құс өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынды.

Құс тұмауы ошағынан сегіз шақырым жер аймағында карантиндік шаралар жүргізіледі. Онда құс өнімдерін алу, вакцина жасау және түсіндіру жұмыстары жасалады. Карантин аймағын айналдыра үш зарарсыздандыру аймағы белгіленеді. Соңғы ауру жағдайынан 21 күн өткеннен кейін, карантинды тоқтату шаралары жасалады, - деді Марат Ибраев.

Еске сала кетейік осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында құс тұмауы ошағы анықталғаны туралы хабарлағанбыз. Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында осы жылдың 9-16 қыркүйек аралығында әртүрлі үй құстарының өлімі тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы