СҚО-ға қоныс аударған отбасылар баспаналы болды

20 Қыркүйек 2019, 01:28
1597
Бөлісу:
СҚО-ға қоныс аударған отбасылар баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстiк Қазақстан облысы — жұмыс күшi көп өңiрлерден азаматтарды көшiру жобасы жүзеге асып жатқан жалғыз аймақ. Бұның барлығы 3 жылдық кешендi жоспардың арқасы. Қоныс аударушыларға жалдамалы баспана мен жұмыс берiледi, жеке кәсiбiн ашуға болады. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрге көшiп келiп, баспанаға ие болған отбасылармен кездестi.

«Жұмыс күшiн облысқа тарту бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Бiзге дәрiгерлер, мұғалiмдер, механизаторлар, жүргiзушiлер, тракторшылар керек. Жыл басынан берi 1600 адам немесе 518 отбасы көшіп келдi», - дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста биыл 420 үй салынуда. Келесi жылы 1 мың, 2021 жылы 1,5 мың үй бой көтередi. Биыл жыл соңына дейiн өңiрге 2 мың адам немесе 700 отбасы көшiп келедi деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы