Сұлтанов мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін айтты

20 Ақпан 2019, 13:46
4827
Бөлісу:
Сұлтанов мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мұғалімдер жалақысы мен мәртебесін жүйелі түрде арттыру шешімі қабылданғанын мәлімдеді.


«Кадр бойынша жеке тоқталып өтсем. Педагогикалық ЖОО-лар бүгінде танымалдылыққа ие емес екені жасырын емес. Мұғалімнің жұмысы қиын, әрі жалақысы аз. Сол себепті мұғалімдердің жалақысы мен мәртебесін жүйелі түрде көтеру шешімі қабылданды», - деді қала басшысы.

Сұлтанов МЖӘ механизмі арқылы жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу арқасында қаржыны босату және оны мұғалімдердің жалақысына бағыттау  мүмкіндігі пайда болатынын айтты. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жеке мектептерді тартуға мүмкіндік береді. 

«Балалар қауіпсіздігі маңызды міндет болып отыр. Жыл соңына дейін білім беру мекемелерін 100% бақылау камераларымен қамтамасыз етеміз», - деді әкім.

Еске сала кетсек, бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, 2018 жылы атқарылған шаралар мен 2019 жылға арналған жоспарларымен бөліскен болатын.
Назерке АБИБУЛЛА
Өзгелердің жаңалығы