Бас жаңалықтар
Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды
25 Маусым 2019, 19:55 381

Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ–Түрік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдардың құрылымында, оның ішінде ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламентінің істері басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген.

1998–2004 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетте қызмет еткен.

2004–2009 жылдары Астана қаласының Тұрғын үй департаментінің директоры лауазымын атқарды; білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы; «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы, бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.

2009–2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.

2017–2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.

2018 - 2019 жылдары ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі, 2019 жылы ҚР Энергетика вице-министріқызметін атқарды.


Загрузка...

Сізден жаңалық