Нұр-Сұлтанда «Сөзден іске» дәстүрлі акциясы өтті

17 Мамыр 2019, 18:19
2375
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Сөзден іске» дәстүрлі акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 72-сессиясының қарсаңында «Сөзден іске/WalktheTalk» дәстүрлі акциясын өткізді.

Шара ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, ДДҰ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ұйымдастыруымен өтті.

Нұр-Сұлтанда «Сөзден іске» дәстүрлі акциясы өтті

Акцияның мақсаты – денсаулық құндылықтарын насихаттау, қоғамдық денсаулықты қорғау бойынша барлық мүдделі тараптардың күштерін біріктіру, денсаулықты нығайту мақсатында Жаһандық қозғалысты қолдау, өмір бойы дене белсенділігінің деңгейін сақтау.

Іс-шара қатысушылары алдында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, астана әкімдігінің өкілдері, ҚР ең алғашқы Денсаулық елшілері: «Қарақат» эксклюзивті музыкалық мектеп-студиясының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмені, әлемнің ірі шөл далаларын жүгіріп өткен жалғыз адам Марат Жыланбаев алғы сөз сөйледі.  

«Бүгін біз, денсаулықты сақтап, онын нығайтуға өз бейілділігімізді тағы да дәлелдеу үшін осында жиналып отырмыз. Жас, жыныс ерекшеліктеріне, тұрғылықты жеріне қарамастан, біз Баршаға арналған денсаулыққа қол жеткізу үшін күш-жігерімізді жұмсаймыз деп айтқым келеді. Денсаулық, ең алдымен әрқайсысымыздан басталуы қажет», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев. 

Сөзінің соңында вице-министр Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өз әріптестерін денсаулықты сақтауға жақтас адамдардың қатарын барынша арттыра отырып, Баршаға арналған денсаулыққа қол жеткізу үшін қозғалыстың алдыңғы қатарында болуға шақырды және «Денсаулыққа апаратын жол өзімізден басталады» эстафетасын өңірлерде ары қарай жалғастыруға шақыратынын хабарлады. Ол әрбір медицина қызметкері көптеген адамдарды тартатынына сенімін білдірді. 

«Біз – аяулы жар, қамқор ана, мейірімді әже, отбасы-ошақ қасын сақтаушы әйел ретінде үлгі болып, балаларымыздың денсаулығын жақсартуға, оны жастайынан сақтауға барынша ықпалдасуымыз қажет. Өмір сүру салты мен жағдайлары, тамақтану және зиянды әдеттер біздің денсаулығымызға тікелей әсер етеді. Сондықтан барлығы өзіміздің қолымызда», - деді ҚР Денсаулық елшісі Қарақат Әбілдина. 

ҚР Денсаулық елшісі Марат Жыланбаев қатысушыларды тек пайдалы ас ішуге және зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды. 

Әр адам оның денсаулығы тек медицина қызметкерлеріне байланысты емес екендігін ұғынуы қажет. Егер адам белсенді өмір салтын ұстанып, экологияны таза сақтап, дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттерден бас тартса өз денсаулығын сақтай алады. Еліміздің бас қаласы «Сөзден іске/WalktheTalk» акциясын екінші жыл және денсаулықты нығайтуға бағытталған басқа да көптеген іс-шараларды өткізіп отыр және Нұр-Сұлтан қаласы «Салауатты қала» атануға ұмтылуда.

Сөзден іске көше отырып, қатысушылар 3 және 5 км қашықтыққа жүгіруге, сондай-ақ скандинавия жүрісіне қатысу арқылы дене белсенділігіне бейім екендігін көрсетті. 

Маршрут бойында төмендегідей станциялар ұйымдастырылды:  
- су станциясы (барлық қатысушыларға су таратылды); 
- шұғыл көмек станциясы – денсаулыққа салғырт қарамай, ауа-райына сәйкес киіммен спортпен шұғылдану; 
- өмірлік маңызды көрсеткіштерді өлшеу – дәрігердің кеңестерін сақтау және спортпен айналысу кезінде ағымдағы денсаулық жағдайын есепке алу.

Айта кетейік, алғашқы акция 2030 жылға дейін МСАК бойынша Астана декларациясы қабылданған, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференция қарсаңында 2018 жылғы 24 қазанда өткізілген. Оған қала әкімі Бақыт Сұлтанов, ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орта Азия елдері бойынша өңірлік директоры Афшан Хан, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, конференция қонақтары, еліміздің алғашқы Денсаулық елшілері және астана тұрғындары қатысқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы