Бас жаңалықтар
Рыбакина ТОП-40 қатарында
22 Қазан 2019, 17:21 288

Рыбакина ТОП-40 қатарында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20 жастағы отандық теннисші Елена Рыбакина спорттық карьерасында алғаш рет әлемдік әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингінде (WTA) ТОП-40 теннисшінің қатарына енді.

Бұған дейін оның ең жоғары көрсеткіші 43-орын болатын. Бұл нәтиже 30 қыркүйекте тіркелген. Елена Люксембургтегі турнирде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Соның арқасында көрсеткіші де жақсарды. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 34-орнын сақтап қалды. Юлияның спорттық карьерасындағы ең үздік позициясы 2017 жылы 6 ақпанда тіркелген (27-орын). Сондай-ақ ТОП-100 теннисшінің қатарында Зарина Диас бар (79-орын).

Әлемдік рейтингтің көшін әлі де болсын аустралиялық Эшли Барти бастап тұр.

 WTA рейтингі:

1 (0). Эшли Барти (Аустралия) – 6476

2 (0). Каролина Плишкова (Чехия) – 5315

3 (0). Наоми Осака (Жапония) – 5246

4 (+1). Бьянка Андрееску (Канада) – 5041

5 (+1). Симона Халеп (Румыния) – 4962

34 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1460

37 (+6). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 1401

79 (-1). Зарина Диас (Қазақстан) – 775

343 (+14). Анна Данилина (Қазақстан) – 147

5178. (-6). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 69

603 (+4). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 48

785 (-4). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 25

968. (+1). Дарья Детковская (Қазақстан) – 13

1119 (-7). Елизавета Карлова (Қазақстан) – 7

1264 (-3). Галина Воскобоева (Қазақстан)

Ал ерлерден Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ТОП-50-ден төмен түсіп қалды. Ол үш сатыға төмендеп, 51-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин бір сатыға көтеріліп, 57-орынға жайғасты.

АТР рейтингі.

1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 9545

2 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 9225

3 (0). Роджер Федерер (Швейцария) – 6950

4 (0). Даниил Медведев (Ресей – 5920

51 (-3). Александр Бублик (Қазақстан) – 1026

57 (+1). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 971

208 (-1). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 242

220 (-2). Александр Недовесов (Қазақстан) – 224

314 (+9). Денис Евсеев (Қазақстан) – 131

576 (+9). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 41

743 (+3). Андрей Голубев (Қазақстан) – 23

756 (+78). Бейбіт Жұқаев (Қазақстан) – 22

833 (-2). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 17

892 (+6). Достанбек Ташбұлатов (Қазақстан) – 14

956 (+7). Сағадат Аян (Қазақстан) – 11

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...