Рыбакина: Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым

28 Шілде 2021, 17:17
2903
Бөлісу:
Рыбакина: Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда испандық Гарбинье Мугурусаны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шықты. 

Осы орайда, теннисші Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, бүгінгі матчты қорытындылады. 

Менің бүгінгі қарсыласым өте тәжірибелі. Сондықтан, матч қиын өтті. Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым. Алдыңғы матчтарда жоқ жерден қателесіп, керек емес жерде ұпай жоғалттым. Бүгінгі ойында сол қателіктерді жібермеуге тырыстым. Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым. Сол себепті, бүгінгі жеңісім үшін өте қуаныштымын. Жартылай финалдағы қарсыласыммен бұрын ойнап көрмегем. Тек жаттығу кездерінде ғана жолымыз түйісіпті. Алдағы ойын да оңай болмайды. Допты ойынға сәтті қосу арқылы ұпай жинауға тырысамын. Себебі, бұл менің қолымнан келеді, - дейді Рыбакина.

Өзгелердің жаңалығы