Рыбакина: Күннің ыстығына қарамастан, жеңіске жеттім

25 Шілде 2021, 10:01
3319
Бөлісу:
Рыбакина: Күннің ыстығына қарамастан, жеңіске жеттім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Токио Олимпиадасының екінші айналымына өткен Елена Рыбакина ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті деп жазады федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Күн райы спортшылар үшін қиынға соқты. Тым ыстық. Осыған қарамастан, Олимпиаданы сәтті бастағаныма қуаныштымын. Бастама жаман емес. Енді бір күні демалып, сейсенбі күні швециялық Ребекка Петерсенге қарсы шығамын. Жеңіске жетіп, турнирді әрі қарай жалғастыруға тырысамын, - деді Рыбакина.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының бірінші айналымында Елена австралиялық Саманта Стоусрды ұтты. 


Өзгелердің жаңалығы