Руслан Иманқұлов жаңа қызметке тағайындалды

2 Сәуір 2019, 10:07
2371
Бөлісу:
Руслан Иманқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Руслан Иманқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Иманқұлов жаңа қызметінде министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысуына, қоғамның ведомство немен айналысып жатқанынан хабардар болуына жауап береді. 

Бұған дейін Иманқұлов "ҚТЖ ҰК" АҚ-да БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры болып жұмыс істеген, азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен, ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы