Румыния байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың ашықтығын атап өтті

10 Маусым 2019, 13:50
1270
Бөлісу:
Румыния байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың ашықтығын атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінде ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға президенттік сайлауға байқаушылар ретінде келген Румыния Парламентінің депутаттары Валери-Андрей Стериу және Кристиан-Георге Шефермен кездесті.

Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, бірнеше сайлау учаскелерінде болғаннан соң, румындық депутаттар сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейі, ашық өткені, сондай-ақ сайлаушылардың патриоттық сезімі мен белсенділігі қатты таң қалдырғандығын атап өтті.

Румындық байқаушылар тобы алты Парламент мүшесі және Сыртық істер министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдардың екі өкілінен тұрады.

«Бұл сайлау сіздің еліңіз үшін маңызды тарихи сәт, сонымен қатар сайлау аса жоғары деңгейде ұйымдастырылды», - деді В. Стериу.

Депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Румыния мен халықаралық қоғам Қазақстаннан көп нәрсеге үйренуге болады деп атап өтті.

«Бізде де жақын арада президенттік сайлау өтеді, сондықтан бұл мәселеде бізге сіздерден көп нәрсені үйрену қажет», - деп қосты депутаттар.

В.Стериу румындық депутаттарды байқаушы ретінде шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Румыния Парламентері арасындағы өзара іс-қимылдарының белсенділігін атап өтті.

Сонымен қатар румындық тарап екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту ниеті туралы мәлімдеп, оның ішінде әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты пысықтау мүмкіншілігі.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм саласындағы байланыстарды нығайту туралы баса айтты. Тараптар осы саладағы нақты жобаларды талқылау жөнінде уағдаласты. Румындық «Ромптрол» мұнай компаниясына инвестиция құю арқылы Қазақстан осы елдің маңызды әріптесі болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады, сонымен қатар Қазақстанда румындық капиталмен 44 компания жұмыс істейді.

2019 жылдың бірінші жартылығында өткен Румынияның Еуропалық одаққа төрағалығы, осы кезеңде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын қабылдау барысында еуропалық бағыттағы ҚР басымдықтарының жылжытылуына ықпал етуіне бөлек көңіл бөлінді.

Қазақстандағы румындық диаспора, оның екі халық достығын нығайту маңыздылығы кездесудің басты тақырыптарының бірі болды. Қазақстанда тұратын 130 халықтың шамамен 20 мыңы қазақстандық румындар, олар Қазақстан мен Румыния арасындағы достық көпірін жалғастырушы. Сондай-ақ, СІМ басшысы румындық жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттердің санын өсіруге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы