"Рухани жаңғыру". Ұлттық комиссия прагматизм бағытындағы кешенді шараларды қабылдауды ұсынды

5 Ақпан 2020, 17:31
1711
Бөлісу:
"Рухани жаңғыру". Ұлттық комиссия прагматизм бағытындағы кешенді шараларды қабылдауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді "Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске асырылу барысында ысырапшылдық, даңғойлыққа жол берілмейді.

Бұл туралы бүгінгі ОКҚ баспасөз брифингінде ҚР Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов айтты.

Үнемшілдік, жинақылық, қарапайымдылық, қайырымдылық – қазіргі адамзат өркениетінің басты құндылығы болса да, бізде ысырап, даңғойлық белгілері жиі көрініс береді. Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қымбат көлік, жиһаз сатып алу, түрлі форум өткізу шығыстарына ұзақмерзімді мараторий жариялауды ұсынғанын білесіздер. Сондай-ақ мемлекет басшысы ұлттық сананы сақтау және  оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселе екеніне басымдық беріп отыр. Осыған орай бүгінгі ұлттық комиссия отырысына қатысқан зиялы қауым өкілдері мемлекет басшысының осы бастамасын қолдап, прагматизм бағытындағы кешенді шараларды қабылдауды ұсынды. Яғни ұлттық прагматизмнің негіздеріне қарсы келетін ысырапшылдық сияқты әдеттерден арылу және халық арасындағы құқықтық, қаржылық, экологиялық т.б. мәдениеттерді барынша насихаттау және тарату туралы шешімдер қабылданды. Нақтырақ айтсақ, Ұлттық комиссия атынан орталық және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді, - сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов. 

Бүгін Ақордада ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Ұлттық комиссияның биылғы алғашқы отырысы өтті.  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі басталып, ол енді үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы