Бас жаңалықтар
Рухани жаңғыру: Іс-шаралардың санына емес, сапасына мән береміз
13 Тамыз 2020, 12:37 295

Рухани жаңғыру: Іс-шаралардың санына емес, сапасына мән береміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты. 

Осыдан 3 жыл бұрын еліміздің идеологиялық қазанын толтыруға үміт сыйлаған  үлкен бастама қолға алынған болатын. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы биыл жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Әрине, ұлттық рухтың қайта тілеуі біздің елімізде басталған жоқ. 2014 жылы "Мәдени мұра" мен 2013 жылы "Халық тарих толқынында" деген бағдарламалар болды. Олар негізгі мақсатын орындап, халқымыздың мәдени мирасын қайта жаңғыртты, - деді ол. 

"Рухани жаңғырудың" басты мақсаты – қоғамдық сана, басты шарты- ұлттық  қорды сақтау. 
Әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Айтып келмеген індеттің өзі адамдардың өмір салтын ғана емес, тұтастай елдің саясатын өзгертіп жатыр. Бірінші кезекке елдің тән саулығы ғана емес, жан саулығы,рухани күші, сауаты мен тәлім-тәрбиесі шығып отыр. Адамның тәнін емдеу қиын болса, жанды емдеу қиынның қиыны. Сондықтан, қоғамның рухани жаңғыру мәселесіне мерзімді бағдарлама деп емес, үнемі толықтырып отыратын идеялық тұғырнама деп қараған дұрыс, - деді ол. 

Тлепов айтып өткендей, 3 жылда бағдарламаның институционалдық негізі қалыптасты.
Барлық өңірде жобалық кеңселер ашылды. Кез келген бастаманың баяндылығы сол саладағы маманның жанашырлығына байланысты. 6 бағыт бойынша 13 жоба бекітіліп, ондаған мың іс-шара өтті. Біз үшін маңызды сан емес, сапа. Кейбір жерлерде есептілік науқаншылық сияқты үрдістер орын алғаны жасырын емес. Өңірлерде "Рухани жаңғыруға" қатысы жоқ мазмұны саяз іс-шаралар алынып тасталды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...