"Рухани жаңғыру" бағдарламасы үш бағытқа жіктелді

5 Ақпан 2020, 17:17
4567
Бөлісу:
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы үш бағытқа жіктелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада өткен Ұлттық комиссияның отырысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуын 3 бағыт бойынша қол алынатыны белгілі болды.

Комиссияда қаралған жұмыс жоспары өте  жинақы нысаналы түрде жүргізіледі. Бүгінгі комиссияда қаралған жұмыс жоспары 3 бағыт бойынша жіктеліп отыр. 1-бағыт. Тұлғалық даму бағыты. Бұл бағыттың ішінде білімнің салтанат құруы, прагматикалық құндылықтары сіңіру, бәсекелік қабілет сияқты құндылықтарды жинақтап, адами капиталды дамытуға бағытталған. 2-бағыт. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұл ұлттық құндылықтарды сақтау, қастерлеу және ұлттық бірігейлікті халықаралық деңгейде көрсету сияқты кешенді шараларды қамтитын болады. 3-бағыт. Мемлекет пен қоғамның даму бағыты. Бұл бағыт еліміздің революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы, халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыруда науқаншылдық, формалды шараларға жол бермеу туралы қатаң тиым салынды, - деді ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов.
2020 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жарық көрген "Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан" мақаласындағы ұлы ойшылдың еңбектері арқылы таратқан рухани бағыттары бағдарламамен сабақтасық тауып, өзара жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы