"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы шаралар 2 есеге қысқарды
05 Ақпан 2020, 17:41 1178

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы шаралар 2 есеге қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 30 мың шара өткен. Ол 209 тармақтан құралған. Ал осы жылы тармақ саны 120-ға дейін қысқарды.

2019 жылы өткізілген шаралармен 12 млн адам қамтылғанын айтты. 
30 мың әртүрлі шара өтті. Оның сараптамасын қарайтын болсақ, 209 тармақтан тұрады. Биылғы жылдың ерекшелігі ретінде атап өтсек, осы тармақтардың санын 120-ға қысқартық. Жүйелікке көшу мәселесі басты назарға алынды. Арнайы жобалар арасында бір реттік, ұзақмерзімді шаралар бар. Оны көпшіліктің арасында талқылау қажет. Мәселен, мектептерде өтетін жиналыстарда тұлғалық даму, адам капиталды дамыту қажеттіліктері айтылады. Елбасы мақаласында көтерілген қағидаларға сәйкес шараларды өткізу мақсаты қойылып отыр, - деді Ғ.Оспанқұлов. 

Сондай-ақ, ол "Прагматизм біздің өмірімізде" деген акция туралы айтып берді. 
Қаражатты қалай үнемдеу қажеттілігі туралы, қандай қоғамда өмір сүргіміз келеді? Қоғамның негізгі құндылықтары қандай болуы керек? Өскелең ұрпақтың тәрбиесі қандай болуы керек? деген мәселелер жаңа жоспарға енді, - деді ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов ОКҚ баспасөз брифинг барысында.

Вице-министрдің айтуынша, 2020 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында еліміздің өңірлеріне айрықша көңіл бөлініп, ауылдық деңгейдегі жобалар көптеп қолға алынбақ.
Биылғы жылдың ерекшелігі өңірлерге көбірек басымдық береміз. Оның ішінде ауыл, аудан, облыс деңгейінде жобаларымыз бар. Олар арқылы биылғы жоспарды қалай жүзеге асыралытыны келісілді. Үшінші, тұлғалық даму, ұлттық бірегейлігімізді сақтау және халықаралық деңгейде көрсету, қоғамның дамуы. Әр заманда қоғамда әртүрлі қандай тәртіп болуы керектігі туралы,қандай жағдайды сақтау арқылы біз ең жоғарғы деңгейге жететініміз сарапталады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бір мәселені түсініп алуымыз керек. Келер жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелейтін боламыз. Осы жылдар ішінде құқықтық, саяси, конституциялық, реформалар жүргізілді. Алайда, сананы жаңғырту бөлек даму, ол үнемі жүргізілуі керек. Осы тұста біз жас өскелең ұрпаққа қандай қалдыратын мұраларымыз бар. Әл-Фараби айтқан ілім мен Абай айтып кеткен "толық адамның" пайда болуы туралы түсіндіретін боламыз. Бұл биылғы жылға жоспарланған ерекше бастамалар, - деді Оспанқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі басталңан еді. Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның отырысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуын 3 бағыт бойынша қол алынатыны белгілі болды. Сонымен қатар, отырыс барасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске асырылу барысында ысырапшылдық, даңғойлыққа жол берілмейтіндігі айтылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...