Рухани келісім күніне арналған кездесу өтті

18 Қазан 2019, 23:31
3605
Бөлісу:
Рухани келісім күніне арналған кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне орай Қызылорда қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде дөңгелек үстел болып өтті.

"Этноконфессияаралық келісімнің қоғамдағы рөлі" тақырыбында өткен отырысқа "Қазақстандағы орыс қауымдастығы" Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Владимир Толоконников, облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев, "Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы, ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Әлібек Жаппасбаев және колледж студенттері қатысты.

Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен ынтымақтастығы егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті.

Дөңгелек үстел аясында "Қазақстан орыс қауымдастығы" Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Владимир Толоконников те осы күннің маңыздылығына тоқталып өтті.

Ал облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев дінаралық татулық, ұлтаралық келісім бірлігі бекем қазақ елінде Елбасының бастамасымен қалыптасып, егемен еліміздің басты жетістіктеріне айналғандығын тілге тиек етті.

"Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы, ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Әлібек Жаппасбаев "Рухани келісім күні" еліміздегі әлеуметтік маңызы бар күндердің бірі болып табылатынын тілге тиек етті. Атаулы күн бірлік пен қайырымдылықтың, ел тыныштығына негіздеген күндердің бірі екендігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы