«Рухани жаңғыру»: Қостанайда кәсіпкерлер қолдауымен 227 жоба жүзеге асырылады

7 Шілде 2021, 17:43
3074
Бөлісу:
«Рухани жаңғыру»: Қостанайда кәсіпкерлер қолдауымен 227 жоба жүзеге асырылады

 

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы жылдың алты айында 1717 іс-шара ұйымдастырылған. Іс-шараларға облыс қазынасынан 1 045,7 млн теңге бөлінді.

Облыс әкімдігінде өткен жиында ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев жарты жыл ішінде атқарылған және жоспардағы жұмыстар туралы баяндады.

Биыл кәсіпкерлердің қолдауымен 227 жоба қолға алынған. Бүгінге дейін оның 64-і жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Рудный қаласында жаңа заманауи спорт залы салынды. Б.Майлин ауданы Валерьянов ауылында стадион ашылды. Ал Амангелді ауданында әмбебап спорттық-сауықтыру кешені бой көтерді. Жергілікті кәсіпкердің бастамасымен Амангелді ауылында туристік хабтың құрылысы басталды. Аталған жобалар «Туған жер» бағдарламасы және «Көркейе бер, Қостанай» акциясы аясында жүзеге асырылып отыр, - деді Марат Жұрқабаев. 

«Рухани жаңғыру»: Қостанайда кәсіпкерлер қолдауымен 227 жоба жүзеге асырылады


 

Ол өңірде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жасалған жұмыстар басты назарда екенін айтып өтті.

Жоспарланған 47 жобаның жетеуі жасалды. Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылындағы және Қарабалық ауданы орталығындағы көшелер жөнделді. Тағы 17 жоба аяқталуға жақын. Қалған жобаларға мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған. Аудандар мен қалалардың әкімдері аталған жобалардың мерзімінде аяқталуын назардар ұстағаны жөн, - деді баяндамашы. 

«Рухани жаңғыру»: Қостанайда кәсіпкерлер қолдауымен 227 жоба жүзеге асырылады


 

Сондай-ақ ол «Тәуелсіздік тарландары» ұранымен елге еңбек сіңірген тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруды ұсынды. Бұл ұсынысқа қолдау білдірген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жас ұрпақ Тәуелсіздіктің басты құндылық екенін біліп өсуі тиіс екенін айтты.

«Рухани жаңғыру»: Қостанайда кәсіпкерлер қолдауымен 227 жоба жүзеге асырылады


 

 

 

Өзгелердің жаңалығы