Рудныйды 9 жыл басқарған әкім отставкаға кетті

29 Қыркүйек 2020, 23:08
1027
Бөлісу:
Рудныйды 9 жыл басқарған әкім отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болған еді.

Бақытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында дүниеге келген. 

1982 жылы РФ Челябі облысы Троицк қаласы зооветеринария техникумын бітірді. 

1982-1984 жылдары - Кеңес Әскері қатарындағы қызметте болды. 

1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Өзгелердің жаңалығы