Өртті сөндіргеннен ескерту оңай

3 Маусым 2020, 20:16
1379
Бөлісу:
Өртті сөндіргеннен ескерту оңай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында орман-дала өрттерінің статистикасы жазғы уақытта босаңсуға мүмкіндік бермейді.

Облыс әкімінің қаулысымен және облыстық төтенше жағдайларды алдант алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының хаттамалық тапсырмасымен жергілікті атқарушы органдар үшін орман-дала алқаптарында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті шаралардың толық кешені анықталды. Оның ішінде қажетті техника саны бар (жырту жүргізуге арналған үйінді соқасы бар тракторлар, су тасығыштар, ТЖ жағдайына резервке арналған автобустар мен жүк машиналары).

Сондай-ақ, автомобиль және темір жолдар бойында, дала және орман алқаптары бойында өртке қарсы жыртуға жататын қашықтық анықталды, өрт сөндіру үшін тартылатын техника үшін жанар-жағармай материалдарының қорын құру есептелді. Табиғи су көздеріне пирстер мен кіреберістер салу, өрт сөндіру техникасын сатып алу және өзге де іс-шаралар көзделді. Барлық дайындық жұмыстарын әкімшілік органдар 1 маусымға дейін аяқтауы тиіс болатын.

Қазіргі уақытта жүргізілген сапалы өртке қарсы жыртудың нәтижесі поездар және автокөлік жолаушылары тастаған темекі, сіріңке немесе басқа да жанып жатқан заттардан туындайтын дала өрттерінің шығу қаупін төмендетуге мүмкін болады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың маусым айының басында аудан Төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері автомобиль және темір жолдар бойындағы жырту бойынша жүргізілген өртке қарсы іс-шаралардың сапасы мен дәрежесін анықтау мақсатында рейдтер жүргізді.

Нәтижесінде дала және орман-дала алқаптарына жақын орналасқан жолдар бойынша жүргізілген жолақтың төрттен үш бөлігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Орман-дала өрттеріне жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін, рейдтік іс-шаралардың нәтижелері облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.

Өзгелердің жаңалығы