Өртенген мектеп шатырынан құтқарылған адамның видеосы жарияланды

6 Маусым 2020, 17:04
1410
Бөлісу:
Өртенген мектеп шатырынан құтқарылған адамның видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында мектеп құрылысының шатыры отқа оранып, жұмысшы құрылыс кранының көмегімен құтқарылды.

Әлеуметтік желілерде адамның өрттен құтқарылған сәті түсірілген видеосы жарияланды. 
Құрылыс кранын пайдаланып, қара түтін мен қызыл жалыннан жұмысшы құтқарылды, – деп жазды автор Instagram желісінде.
Айта кетейік, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде салынып жатқан мектеп ғимаратында өрт болған. Өрт құрылыс нысанының шатырын түгел шарпып, газ баллон жарылды. 

Тілсіз жаумен күреске өртке қарсы қызметтің он шақты техникасы жұмылдырылды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өзгелердің жаңалығы