Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны қабылдады

13 Желтоқсан 2019, 12:48
15449
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Роза Рымбаева Қазақстан президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті, - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы