Роналдудың коронавирус жұқтырғаны анықталды

13 Қазан 2020, 23:52
1322
Бөлісу:
Роналдудың коронавирус жұқтырғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің үздік футболшыларының бірі, туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Португалия футбол федерациясы мәлім етті.

Бұған дейін "Ювентустың" бірнеше футболшысы коронавируспен ауырған болатын.

Қазір Роналду оқшаулануға жіберілді, әзірге ол Ұлттар Лигасының матчтарында ұлттық құрамада ойнамайды.

Соңғы екі аптада Еуропада коронавирустық инфекцияның екінші толқыны байқалды. Ауру жағдайлары А сериясының бірнеше клубтарында анықталды.

Өзгелердің жаңалығы