Бас жаңалықтар
Роналду мансабындағы 1000-ойынында рекордқа қол жеткізді
23 Ақпан 2020, 12:06 235

Роналду мансабындағы 1000-ойынында рекордқа қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 25-турында кәсіби мансабындағы 1000-ойынын өткізді. 

Әлемге әйгілі футболшы "А" сериясының 25-турында гол соғып, рекорд жаңартты. Бұл туралы Eurosport.ru сайтында хабарланды. 

35 жастағы ойыншы Италия чемпионатында 11 ойын қатарынан көзге түсті. Бұл көрсеткішпен ол Габриэль Батистуте мен Фабио Куальярелленің рекордына теңесті. 

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы айтулы күнде СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, командасының жеңісіне үлесін қосты.

Осылайша, Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Осыған дейін бұл нәтижені Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла тіркеген


Фото: дереккөз
Загрузка...