Роман Григорчук: ЧФР бапкері бізді осал команда деп ойлаған болуы мүмкін

17 Шілде 2019, 11:35
1165
Бөлісу:
Роман Григорчук: ЧФР бапкері бізді осал команда деп ойлаған болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ЧФР Клуж  командасы мен Қазақстанның  «Астана» клубтары қарымта кездесу өткізеді. 

Осы ойынның алдында «Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

«Біз алғашқы ойын алдында Румыния командасының мүмкіндігі қаншалықты екенінен білген едік. Ал қарымта кездесу алдында одан да көп ақпарат жинай алдық. Бірақ Петреску бапкер футболда ештеңеден қорықпайды деп ойлаймын. Ол өз еңбек жолында көпті көрген маман»,- дейді Роман Григорчук.
- «Астана» анық фаворит дей аласыз ба?
-Қазіргі сәтте қарсыласпен бірдей деңгейдеміз. Себебі, көп футболшылар чемпионат аясындағы кездесулерде алаңға шыққан жоқ. Оған қоса, қарсылас команда өз жанкүйерлері алдында ойнайды. Бұл оларға қосымша көмек болары анық. 
- Ойынның басталу уақыты туралы не айтасыз?
- Біз негізі бұл уақытта ұйқыға дайындалып жатамыз. Ертең, бәрі басқаша. Алаңға шығып, ойнауға тура келеді. 
- Дан Петреску «Қайратпен» өткен соңғы кездесуді қарағанын айтты. Бұған не айтасыз?
- Егер ол аталмыш кездесуді қарап, талдамаған болса, біртүрлі болар еді. Біз ол матчта Петрескуды аздап босаңсытып алдық деп ойлаймын. Енді бізді осал команда деп ойлаған болуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы