Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуден China Open турниріне қатысады

17 Қазан 2019, 10:59
11554
Бөлісу:
Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуден China Open турниріне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден халықаралық "China Open" турниріне арнайы шақыртумен қатысады. Бұл туралы команда бас бапкері Сауле Ысқақова айтты, деп хабарлады Olympic.kz.

"18-20 қазан күндері Қытайда спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі өтеді. Оған Қазақстаннан Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов қатысады. Содан соң халықаралық "China Open" турнирі басталады. Оған спортшылар арнайы шақыртумен қатысады. Ұйымдастырушылар Қазақстаннан Ришат Хайбуллинді шақырды", - дейді бас бапкер. 

Айта кетелік, Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Жапонияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. 


Өзгелердің жаңалығы