Рио-де-Жанейрода үй құлауынан қайтыс болғандар саны 8-ге жетті

14 Сәуір 2019, 13:48
2262
Бөлісу:
Рио-де-Жанейрода үй құлауынан қайтыс болғандар саны 8-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында үйдің құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың саны сегізге жетті.

Құтқарушылар үйіндінің астын қазып, адамдарды іздеп жатыр. Дәл қазіргі уақытта 16 адам із-түссіз жоқ. Бұл туралы Associated Press жазады.

Музем ауданында 12 сәуір күні таңертең екі алтықабатты үй құлаған болатын. Үйлер төбеде орналасқан. Үздіксіз нөсер жауынның кесірінен қатты зардап шеккен. Апта басынан бері қалада 365 мм жауын-шашын болды.
Өзгелердің жаңалығы