Риддерде көпсалалы аурухана салынады

6 Желтоқсан 2021, 22:51
865
Бөлісу:
Риддерде көпсалалы аурухана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддерде стационары бар көпсалалы аурухана салынады, деп хабарлады Алтайньюс.

2022 жылы 140 төсектік стационары және бір ауысымда 500 науқасты қабылдайтын емханасы бар көп бейінді аурухана кешенінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Шаһар басшылығы аурухана салынған кезде кадр тапшылығы болмас үшін түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, медициналық ЖОО сайттарында және бірыңғай электрондық еңбек биржасында жас дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы роликтер жарияланады.

Риддер қалалық ауруханасының қаражаты есебінен жас мамандар үш жақты келісімшарт жасасу арқылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентурада оқи алады. Сондай-ақ жұмысқа орналасатын дәрігерлерге әкімдіктен жалға тұрғын үй және «Қазмырыш» ЖШС-дан миллион теңге көлемінде көтерме ақы беріледі, – деді Риддер әкімдігі.


Өзгелердің жаңалығы