Бас жаңалықтар
Риддердегі өрт толықтай сөндірілді
12 Мамыр 2021, 15:50 256

Риддердегі өрт толықтай сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ​2021 жылғы 12 мамырда сағат 14.30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда (өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га –орман аймағы) ауыздықталды. ​Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли ​​хабарлады. ​ ​

Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде сағат 13.55-те орманға жайылған өрттен туындаған болатын. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған.

Өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған. Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер;

- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер;

- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...