РФ СІМ-де ТМД елдері Елшілерінің дәстүрлі кездесуі өтті

21 Қаңтар 2021, 23:17
970
Бөлісу:
РФ СІМ-де ТМД елдері Елшілерінің дәстүрлі кездесуі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД елдері елшілерінің Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ТМД елдерінің халықаралық аренадағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар 2021 жылы болатын жоғарғы және жоғары деңгейдегі іс-шаралары бойынша “сағаттарын теңестірді”.

Серіктестер ТМД, ҰҚШҰ және ЕурАзЭҚ шеңберінде бұрын қабылданған міндеттемелерді орындаудың, сондай-ақ коронавирус пандемиясымен және оның жағымсыз салдарымен күресте бірлескен әрекеттерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С.Лавровқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы І дәрежелі “Барыс” орденін табыс етті. Жоғары дәрежелі “Барыс” ордені РФ СІМ басшысына Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.

Өзгелердің жаңалығы