Халықаралық рейстерге сатылып жатқан билетке қатысты түсініктеме берілді

28 Мамыр 2020, 20:47
1496
Бөлісу:
Халықаралық рейстерге сатылып жатқан билетке қатысты түсініктеме берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуе компаниялары мен делдалдардың сайттарында халықаралық бағыттарға билеттер сатылып жатқаны туралы ақпаратқа байланысты түсніктеме берді.

Рейстер басталар алдында бірнеше айға сатудың әлемдік тәжірибесіне сай халықаралық рейстерге билет сату реттелмейтінін және шектелмейтінін хабарлаймыз. Осыған байланысты елімізге келетін немесе елімізден ұшатын халықаралық бағыттар бойынша әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің қайта басталғанын білдірмейді және жолаушыға таңдап алынған бағыт және рейс күні бойынша ұшуға кепілдік бермейді - делінген хабарламада.

Халықаралық бағыттар бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастау эпидемиологиялық жағдайға, Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік шекарасынан өту шектеулеріне, cондай-ақ мемлекеттердің визалық талаптарына байланысты анықталады.

Халықаралық әуе қатынастарын қайта бастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, сондай-ақ шет мемлекеттер тарапынан келіп-кетуге қойылған шектеулерді алып тастауына байланысты қабылдайды - делінген әкімшілік ақпаратында.
Өзгелердің жаңалығы