Бас жаңалықтар
Рейд. Шымкент 15 күнде 58 рет тексерілді
17 Қаңтар 2021, 21:21 192

Рейд. Шымкент 15 күнде 58 рет тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 58 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 1 179 объект мониторингпен қамтылды. Оның ішінде: 777 тағам объектілері, 345 коммуналдық нысандар, 57 балалар мен жасөспірімдерге арналған объектілер бар.

Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде. Мониторинг топпен анықталған кемшіліктер үшін 58 жауапты тұлғаға  хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 019 720 теңгеге айыппұл салынды.

Кемшіліктер анықталған объектілер ішінде: 18 қоғамдық тамақтану орындары, 1 түнгі, 1 лотереялық, 3 компьютерлік және 4 бильярд клубтары, 1 кинотеатр, 8 мейрамхана, 1 бургер орталығы, 9 азық-түлік дүкендері, 3 лоундж-барлар, 2 қораз төбелестіретін орын, 2 жанармай құю бекеті, 2 сауда нүктелері, 1 қонақ үй кешені, 1 монша, 1 балабақша бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...