Рэй Манчини: "Канело" Головкинді айқын жеңбейінше ең үздік боксшы саналмайды

4 Желтоқсан 2019, 18:16
2915
Бөлісу:
Рэй Манчини: "Канело" Головкинді айқын жеңбейінше ең үздік боксшы саналмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Рэй Манчини мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) өзін әлемнің үздік боксшысы ретінде мойындату үшін не істеу керектігін айтты, деп жазады Рrosports.kz.

Манчинидің пікірінше, Алварес бұл атақты Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізіп, иеленуі тиіс.

"Канело" - Р4Р рейтингінің үздік боксшысы емес, бірақ ол ТОП-5-ке кіретіні анық. "Канело" GGG-мен тағы да жекпе-жекке шығып, бұл жолы таза, айқын жеңіске жетуі керек. Бірінші жекпе-жекте ешкім оның жеңіске жеткеніне сенген жоқ. Екіншісі жеңіске жақын болды, бірақ бәрібір мен "Канело" жеңді деп есептемеймін. Ол екінші жекпе-жектен соң бірден үшіншісіне келісім беруі керек еді, бірақ олай істемеді. Басқа жігіттер – Джейкобс және Ковалевпен шығып, екеуін де соққылады. Мен "Канелоны" керемет боксшы деп есептеймін, бірақ ол Р4Р рейтингінде бірінші немесе екінші орынға жайғасу үшін Головкинді айқын жеңуі керек деп ойлаймын, - деді Fight Hub TV–ға берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы