Ревакцинацияға келген елордалықтар қай вакцинаны көп таңдайды?

30 Қараша 2021, 16:30
1085
Бөлісу:
Ревакцинацияға келген елордалықтар қай вакцинаны көп таңдайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, елордада ревакцинация жұмысы қарқынды жүргізілуде.

22 қарашадан бастап елімізде азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау басталды. Бүгінгі күні қала бойынша медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, барлығы 784 адам КВИ-ге қарсы қайта вакцина алды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол қайта егу басталғанға дейін көптеген дайындық жұмысы жүргізілгенін алға тартты.

Егу кабинеттерінің дайындығын бақылау, ревакцинация алгоритмі бойынша медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізу, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды. Олардың ішінде 170 адам отандық Qazvac вакцинасымен қайта вакцинацияланды. 500-ге жуық азамат ревакцинация үшін Sinopharm Vero cell вакцинасын таңдады.

Ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізілетінін атап өтемін. Ревакцинациядан медициналық ұйымдардың, сауда үйлер мен сауда орталықтарындағы вакциналау пункттерінде өтуге болады, - деді Тимур Мұратов.
Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғысы келетіндерді вакцинациялау және ревакцинациялау қаланың 31 медициналық және ведомстволық ұйымдарында орналасқан 72 егу кабинетінде, 4 сауда үйі мен орталықтарында және «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында жүргізіледі.
Өзгелердің жаңалығы